Қытай коронавирустың пайда болуы туралы мәліметті НЕГЕ құпия ұстайды?

Қытай билігі SARS-CoV-2 коронавирусының шығуына байланысты зерттеулерді бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс (AP) агенттігінің тергеуінде айтылған, деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. Агенттік мәліметінше, тергеу ғалымдар мен шенеуніктердің сұхбаты, электрон хаттар, ішкі және жария құжаттарға негізделіп жасалған. 

"Коронавирус жұқтырған алғашқы адам туралы ақпарат тарағаннан кейін AP тергеуі қытайлық билік оның шығуы туралы барлық зерттеуді бақылауда ұстап отырғанын, олардың кейбіреуі Қытайдан тыс жерде пайда болуы мүмкін деген балама теорияларды белсенді түрде таратқанын анықтаған", - делінген агенттік хабарламасында.  

Агенттік мәліметінше, ел үкіметі Қытайдың оңтүстігінде пайда болған вируспен айналысып жатқан ғалымдарға мыңдаған долларлық грант бөлген және оларды бақылауда ұстап, барлық мәлімет арнайы топ рұқсат бергеннен кейін ғана жариялауды талап етеді. Ал оны ҚХР басшысы Си Цзиньпиннен бұйрық алатын ел үкіметі басқарып отырған көрінеді.  

Ал Meduza агенттік Қытай бақылауында жарқанаттар жүрген елдің оңтүстігіндегі Юньнань провинциясындағы үңгірлер де барын айтады. 

AP тілшілері Юньнандағы үңгірлерге кіре алмаған: ол жерге журналистерді ҚХР мемлекеттік қауіпсіздік агенттері кіргізбей қойған. 

Әсіресе жарқанаттар жүрген қараусыз қалған шахта да қатаң бақылауда екен, себебі 2013 жылы ол жерден RaTG13 вирусы анықталған. Бұл SARS-CoV-2-нің жақын генетикалық "туысы". 

Коронавирустың пайда болуын зерттеумен айналысатын Қытайдың ғылым және технологиялар министрлігі мен ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы агенттік журналистеріне түсініктеме бермеген. ҚХР СІМ AP сұрауына жауап ретінде коронавирус әлемнің көптеген елінде анықталғанын, ал проблемаларды зерттеумен "жаһандық деңгейде" айналысу керек екенін айтқан.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті