Қытай коронавирус таралу қаупі төмен аймаққа айналды
Қытайдың Цзилинь провинциясында қауіп төмендеп, ел эпидемиологиялық қаупі төмен аймаққа айналды.
Алматы, NEGE. Қазір Қытайда індет таралу қаупі жоғары немесе орташа аймақ қалмаған. Алайда осыдан бір ай бұрын төмен деңгейге қол жеткеннен кейін таралу көрсеткіштері қайтадан жоғарылап кеткен. Жалпы ел аумағында соңғы бір тәулікте дерт жұққан 6 адам анықталып, тағы бес адам ауру белгілері жоқ науқас қатарына жатқызылды.