3 декабря 2019 г. 16:03

Қытай Қазақстанмен сауда байланысын ұлғайтуға көшті

Фото:

Биылғы жылдың 10 айында Қазақстанның Қытайға экспорты 11,6 миллиард АҚШ долларын құрап, 23 пайыздық өсім көрсеткен.

Алматы, NEGE. Статистика комитеті өсімнің 13 пайызын мыс экспортының ұлғаюымен, қалғанын Қытайға тасымалданатын мұнай мен мұнай газы көлемінің артуымен байланыстырады.

Сарапшылар Қытай экономикасының күшеюін атап өтіп, оның бізге де жағымды әсер бергенін айтады. ҚХР статистикалық органының мәліметінше, қараша айының қортындысы бойынша өндірістік белсендік индексі (PMI) 50,2-ге өскен. Бұл экономиканың нақты секторының жазғы ұйқыдан оянып, Қытай экономикасы өсуін тоқтатады қауіптің едәуір сейілгенін байқатады.

Оған Қытай Халық банкі де дем беріп қойды. Бақылаушы қаржы нарығының ставкасын төмендетіп, өндірістік PMI-дың жандануына септесті. Қытай экономикасының ахуалы Қазақстанға тікелей әсер ететін фактор екенін естен шығармау керек. Біздегі жалпы экспорттың 19 пайызы шығыстағы алып көршімізге тиесілі.

Тегтер: