Қытай Қазақстанға дәрігерлердің екінші тобын жібермекші

Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының елшісі Чжан Сяо мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Қытай дәрігерлерінің бірінші тобы Қазақстанға сәуір айында келген еді. Қытайлық 10 дәрігерден тұратын топ 9 сәуірден бастап 15 күн Қазақстанда болды.  

- Пандемия келеді, кетеді, ал біздің арамыздағы достық пен ынтымақтастық мәңгілік құндылықтар болып қала береді. Біз түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыта береміз, Қытай гуманитарлық көмек жолдауды жалғастырады, соның ішінде Қазақстан халқы бұл зауалдан тезірек құтылып, қалыпты өмір сүру салтына оралуы үшін өз дәрігерлерінің екінші тобын COVID-19-бен күресу үшін аттандырады, - деп жазды ҚХР елшісі facebook парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған