Қытай қалаларында ауа температурасы 40 градустан асты

Бейжің билігі аптап ыстық салдарынан қауіптің қызыл деңгейін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Елдің бірнеше қаласында ауа температурасы 40 градустан асты. Әсіресе ел астанасымен Хэбей, Хэнань провинцияларында күннің көзі күйіп тұр. Сол үшін далада жүруге, жұмыс істеуге шектеулер енгізілді. Жергілікті билік өрт жиілеуі мүмкін деп, оның алдын алу үшін қамданып жатыр. Алдағы 3 тәулікте сынап бағанасы төмен түспейді, - дейді ауа райын болжаушы мамандар.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті