Қытай Иран үшін АҚШ-қа қарсы шықты

АҚШ Иранға қатысты ядролық келісімді орындап, оған қарсы енгізілген барлық санкцияны алып тастауы керек. ҚХР СІМ ресми өкілі Хуа Чуньин осындай мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. «Қазіргі басты міндет – АҚШ-тың Иранның ядролық бағдарламасы туралы келісімін тез арада орындауына, сондай-ақ барлық тиісті санкцияны алып тастауына, қалпына келтіруіне және келісімге оралуға жағдай жасауына ықпал ету», – деді Хуа Чуньин.

Ол қазіргі уақытта Иранның ядролық проблемасына қатысты жағдай өте күрделі екенін айтты.

«Қытай тарапы барлық тарапты сабырлық сақтауға, жағдайдың ушығуына әкеп соқтыруы мүмкін іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырады», – деді Қытай СІМ өкілі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?