Қытай халыққа электронды ақша таратты

Қытайдағы Сучжоу қаласының билігі лотерея арқылы халыққа 20 млн сандық юань таратты. Бұл шамамен 3,1 млн АҚШ долларына тең ақша.

Алматы, NEGE. 100 мың жеңімпаздың әрқайсысына 200 юаннан берілген. Жаңа цифрлық валютаға онлайн және офлайн сауда жасауға болады. Сөйтіп, елдің ұлттық банкі жүргізген цифрлық валюта бойынша екінші пилоттық бағдарламасы қорытындыланды. Айта кетейік, жоба арқылы аспанасты елі әлемдегі ең ірі экономикаға айналмақ. Бүгінде АҚШ пен Еуропалық одақ елдері цифрлық доллар мен еуроның жайын пысықтап жатыр. Ресей де қалыс қалар емес. Көршіміз өзінің крипторублін дайындап жатыр. Әзірге жергілікті банктер бұл ойдың дұрыс екеніне сенімді емес. Ал билік қаржылық нарықтың нығайып, батыс санкцияларынан құтылу мүмкіндігін көріп отыр.

Қазір оқып жатыр

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады