Қытай ғарышқа құпия аппарат ұшырды

Қытай билігі ғарышқа эксперимент түрінде аппарат ұшырғанын жария етті.

Алматы, NEGE. Ұшыру құпия жағдайда өткен, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі. Аппаратты Long March-2F зымыраны Цзюцюа́нь айлағынан алып ұшқан.

Аппарат туралы белгілі жалғыз нәрсе – бұл оны көп рет пайдалануға болатыны. Орбитада белгілі бір уақыт өткізген соң аппарат Қытайға ұшып келеді.

Ал сарапшылардың болжауынша, бұл осыған дейін Қытай ұшыруға уәде еткен космоплан болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін