Қытай ғалымдары жаңа коронавирусты суретке түсіріп алды

Қытай ғалымдары электронды микроскоп көмегімен жаңа коронавирусты суретке түсіріп алды. Фотосурет Қытайдың аурулардың алдын алу жөніндегі басқарманың сайтында жарияланды. Бұл аурудың алдын алу мен оның таралуын бақылауда ұстау мақсатында жасалыпты.

Алматы, NEGE.  Бұған дейін коронавирустың жаңа түрі - 2019-nCoV вирусы Қытайда ас ретінде тұтынылатын жыланнан жұғуы мүмкін деген болжам жасалған еді. Жылан еті көп сатылатын Ухань қаласындағы базардың жұмысшылары ең алғаш осы ауруды жұқтырған болатын.

Қазір жаңа вирус жұқтырғандардың саны 900-ге жақындап қалды, 25 ауру қауіпті індеттен көз жұмған.

 

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»

Журналист Ботагөз Омарова үйқамаққа алынды

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды