Қытай ғалымдары: Коронавирус екінші рет ауыр өтуі мүмкін

Адам ағзасында антиденелер болса да, бұл коронавирусты қайта жұқтырудан сақтап қалмайды.

Алматы, NEGE. Қытай ғалымдары осылай деп отыр. Мамандар індетпен ауырып шыққаннан кейін немесе екпе салдырған соң сақтық шараларын қатаң ұстану керек екенін айтады. Ғалымдар: Иммунитет 5 ай сақталады Коронавируспен ауырған адамдардың көбінде кемі 5 айға дейін иммунитет сақталады. Ұлыбританияның қоғамдық денсаулық сақтау институтының мамандары зерттеу жүргізіп, осындай қорытындыға келген. Зерттеу жұмысы былтыр маусым мен қараша аралығында жүргізілген екен. Оған 20 мыңға жуық адам қатысқан. Ғалымдар оларды коронавирусқа тексеріп отырған. 5 ай ішінде 6 жарым мыңнан аса адам індет жұқтырыпты. Солардың 44-і қайтадан ауырған.

ҒалымСьюзан Хопкинс: "Коронавируспен ауырғандарда антиденелер пайда болып, 5 ай ішінде қайта жұқтыру қаупі төмендейді. Ондай жағдай болған күннің өзінде де індеттің ауыр өтуі екіталай. Яғни вирусты алғаш жұқтыру дерегі вакциналауға ұқсас. Ол адамның иммунитетін күшейтеді" деді. 

Қытай ғалымдары індет екінші рет ауыр өтуі мүмкін дейжі. Себебі, жүргізген зерттеу нәтижесі өзгеше. Олар адам ағзасында антиденелер болса да, бұл коронавирусты қайта жұқтырудан сақтап қалмайды дейді. Зерттеуге 300-ге тарта адам қатысқан. Солардың арасында індетті қайта жұқтырудың бірнеше дерегі тіркелген. Науқастар алғашында жазылған соң 19 күннен 57 күнге дейінгі аралықта қайтадан ауруға душар болыпты. Кейбірінде сырқат өте ауыр өткен. Британдық ғалымдар керісінше, екінші рет жұқтырғанда жеңіл болатынын айтады. Екі зерттеу арасында неге мұндай айырмашылық пайда болды деген сұрақ туады. Мамандардың түсіндіруінше, Қытай ғалымдарының зерттеуіне қатысқан адамдар генетикалық құрылымы өзгерген вирустың басқа түрін жұқтырған.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады