Қытай ғалымдары Айдағы судың қайнар көзін тапты

Қытай ғалымдары Айдағы судың қайнар көзін тапты.

Зерттеушілер оны «Чанъе-5» ғарыш аппаратының Айдан жеткізген топырақ үлгісі мен аспан денесінде жүргізілген зерттеулер арқылы анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Ғалымдар алдымен Қытай зонды қонған кратерде судың белгілерін кездестірген. Содан кейін жерге жеткізілген топырақтан құрамында суы бар гидроксоапатит деп аталатын минералды тапқан. Еске сала кетейік,  Қытайдың Айды зерттеуге аттандырған «Чанъе-5» ғарыш аппараты Жерге 2020 жылдың желтоқсан айында оралған болатын.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі