24 апреля 2023 г. 14:49

Қытай елшісі бұрын КСРО құрамында болған елдердің «егемендігі жоқ» деп мәлімдеді (видео)

Фото:

Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Чайе LCI-ге берген сұхбатында «Бұрынғы КСРО елдерінің (оның ішінде Қазақстан да бар) егемендігі жоқ» деп мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Халықаралық құқықта бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің жарамды мәртебесі жоқ, өйткені олардың егеменді ел ретіндегі мәртебесін нақтылайтын халықаралық келісім жоқ», - деді дипломат журналистерге берген жауабында. 

Бұған қоса, Лу Қырымның бұрын Ресейдікі болғанын, бірақ Кеңес Одағы кезінде «Хрущев оны Украинаға бергенін» айтты.

Журналист елшінің ұстанымын нақтылауды сұраған, бірақ ол «мұндай мәселелерде дауласуды қою керек» деген пікір білдірді. 

Елшінің бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының, саясаткерлер мен дипломаттардың наразылығын тудырды.

Тегтер: