Қытай экономикасы өсе бастады

Қытайдың мемлекеттік статистика комитеті ел экономикасы екінші тоқсанда 3,2 пайызға өскенін хабарлады.

Алматы, NEGE. Бұл коронавирус індеті басталғалы бергі тұңғыш өсім. Жылдың алғашқы тоқсанында әлемнің ең ірі экономикасының бірі керісінше тоқырап қалған еді.

 Қытай экономистері індеттің әлемге жаппай таралуы, халықаралық саяси және сауда-экономикалық ахуалдың нашарлауы Аспанасты елінің экономикасы үшін күрделі проблема тудыруы мүмкін екенін айтады. Дегенмен басым көпшілігі жыл соңында экономиканың жылдық өсімі 2-3 пайыздан кем болмайды деп сенімді болжауда.

Қытай билігі экономиканы қолдау және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында дағдарыстан тұралаған кәсіпорындарғакөмек көрсетті, алым-салықты 1 трлн юаньға кемітті.  Инвестициялық жеңілдіктер жасалды.  

 

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған