Қытай дәрігері белгісіз вирус туралы былтыр дабыл қаққаны үшін жазықты болған

Қытай билігі Ухань қаласындағы коронавирустың пайда болғаны туралы былтырғы жылдың желтоқсан айының басында ақ білген көрінеді. Жергілікті билік бірнеше апта бойы ешқандай әрекет жасамаған және ақпаратты жасырып ұстап келген.

Алматы, NEGE. Қытайдың Ухань қаласының ауруханасында көз дәрігері болып істейтін Ли Вэньлян былтырғы жылдың 30 желтоқсанында курстастардың чатына пневмонияның жаңа түрі пайда болғаны туралы жазған. «Ауруханада белгісіз дертке шалдыққан жеті науқас жатыр. Жедел-жәрдем бөлімінде карантин жарияланды» деп хабарлама қалдырған дәрігердің жазбасына курстастары: «Қытайда бұған дейін болған вирус қайталанып жатыр ма, қандай қорқынышты»,- деп жауап жазған.

Түн ортасында дәрігерді шақырып алған шенеуніктер бұл ақпаратпен неге бөлістің деп жазғырыпты. Үш күн өткен соң полиция дәрігерді жалған ақпарат тараттың деп айыптап, одан ешқашан бұлай істемеу туралы қолхат жаздырып алған. 10-қаңтарда осы індетті жұқтырған әйелдің көзін емдеген Ли Вэньлянның өзінен 2019-nCoV вирусы табылған. Қазір ол өзі істеген ауруханада жатыр. Қазір Қытайдың Жоғарғы соты дәрігердің сөзіне құлақ асу керек еді, оның еш кінәсі жоқ деп мойындаған көрінеді.

 

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды