Қытай билігі жергілікті вакцинаны қолдануға рұқсат берді
Қытайдың азық-түлік және дәрі-дәрмектерді қадағалау жөніндегі мемлекеттік басқармасы жергілікті компанияның коронавирусқа қарсы вакцинасын қолдануға рұқсат берді.
Алматы, NEGE. "Қытайдың азық-түлік және дәрі-дәрмектерді қадағалау жөніндегі мемлекеттік басқармасы Beijing Kexing Zhongwei Biotechnology компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын тіркеуге арналған өтінімді мақұлдады. Бұл вакцина коронавирустың алдын алуға жарамды", - делінген ведомство хабарламасында.
Енді Sinovac вакцинасын бүгінде халықтың барлық тобын жаппай вакцинациялау үшін қолдануға болады. Бұған дейін оны тек төтенше жағдайда және медицина қызметкерлері, көлік қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салуға рұқсат берілген.