Қытай армиясы Тайваньдағы алты ауданда әскери жаттығу жариялады

Қытайдың Халық-азаттық армиясы 4-7 тамыз аралығында Тайваньдағы алты ауданда әскери жаттығулар өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. "Қытай Халық-азаттық армиясы Тайваньдағы алты ауданда бейсенбіден жексенбіге дейін маңызды әскери жаттығулар мен оқу іс-шараларын, соның ішінде атыс жаттығуларын өткізеді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2 тамызда Пелоси ұшағы Тайвань әуежайына қонған болатын. Сондай-ақ, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келгеннен кейін жазбаша мәлімдеме жасады. Онда аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті