Қытай АҚШ дипломаттарына санкция салды

Қытай үкіметі АҚШ дипломаттарына шектеу шараларын енгізді. Бұл туралы ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Хуа Чуньин мәлімдеген. Бұл жауап шара болып отыр.

Алматы, NEGE. Қазан айында Шыңжаңдағы ұйғырлар мен қазақтарға қысым көрсетіп отырғаны үшін АҚШ ­Қытай саясаткерлеріне виза беруге шектеу қойған.

«АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің шектеулеріне жауап ретінде, Қытайда жұмыс істейтін АҚШ елшілеріне де шектеу қоятынымызды хабарладық», – деді Чуньин ханым.

 Енді бұдан былай АҚШ елшілігінің қызметкерлері аймақ билігі қызметкерлерімен кездесуі үшін бес жұмыс күні бұрын Қытай СІМ-ін құлақтандыру керек.