Қытай 600 мыңнан астам 5G станциясын салуды жоспарлап отыр

Қытай биыл 600 мыңнан астам 5G станциясын салуды жоспарлап отыр.

Алматы, NEGE. Байланыстың жаңа түрін коммерциялық бағытта қолдану аясы кеңейтіледі. Былтыр елде 5G-ді қолданушылар саны 200 миллионнан асқан болатын. Қазір ол 300 қалада қолжетімді. Ал биыл ауылдық жерде іске қосылуы керек. Озық байланыс жүйесі телемедицина, өздігінен жүретін көліктер мен қашықтан оқу саласында қолданылып келеді. Алдағы уақытта аталған желі әлеуметтік қызметтерге де енгізілмек.

ХР Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі департаментінің директоры Чжао Чжиго: "Біздің ел 5G станцияларына және электр қуатын пайдалануға қатысты саясатты жалғастыра бермек. Бұдан басқа, жекеменшік желілер мен басқа шаралардың есебінен байланыстың осы түрінің құрылысы өнеркәсіп, энергетика, көлік, медицина және білім беру сияқты негізгі салалар бойынша жүргізіледі. Біз 5G желілерімен анағұрлым кең және көп деңгейде қамтуға қолжеткізуіміз керек", – деді. 

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды