Қытай 10 күн ішінде мың адамдық аурухана салды

Қытайдың Ухань қаласында тек коронавирус індетіне шалдыққандарға арналған екі аурухананың біреуі салынып бітті. Бұл туралы жексенбі күні Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады.

Алматы, NEGE. Аумағы 25 мың шаршы метрді қамтитын,  бір мезетте мың науқасты қабылдауға қауқарлы «Хуошэньшань» ауруханасы 3-ақпан, дүйсенбі күні жұмысын бастайды

Онда 1 400 әскери дәрігер жұмыс істейтін болады. Аурухана құрылысы 23 қаңтардың кешінде басталған еді.

 

24 қаңтарда жер қазушылар аурухана салынатын жерді тегістеуге кіріскен. Аурухананың қаңқасы құрастырмалы бөліктерден құралған.

Ол бұған дейінгі құс тұмауы індеті кезінде Бейжіңде салынған аурухана үлгісімен тұрғызылды.

Қытайдың мемлекеттік CCTV арнасы құрылыс алаңынан үздіксіз тікелей эфир таратты. Global Times  басылымының хабарлауынша, Қытайдағы құрылыстың тікелей көрсетілімін 40 миллионнан астам адам тамашалаған.  

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін