Қысқы Универсиадада Қазақстан құрамасы алтыншы орында

Лэйк-Плэсид (АҚШ) қаласында ХХХ Дүниежүзілік Қысқы Универсиада жалғасып жатыр.

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасы командалық есепте алтыншы орында келеді. Ұлттық құрама қоржынында 3 алтын, 1 қола жүлде бар.

Универсиада жеңімпаздары:

Вадим Куралец (биатлон)

Данил Васильев (шаңғымен тұғырдан секіру)

Бекентай Тұрлыбеков (биатлон)

Александр Мухин (биатлон) АҚШ-та өтіп жатқан байрақты бәсекені «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.

Универсиада ойындары 22 қаңтарға дейін жалғасады.