Қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына қос медаль түсті

Ерлер арасындағы биатлоннан 10 шақырымдық спринтте отандасымыз Бекентай Тұрлыбеков алтыннан алқа тақты. Бекентайдың уақыт көрсеткіші - 27:51,5 мин.

Алматы, NEGE. Күміс жүлде АҚШ спортшысы Бьорн Вестервельтке бұйырды. Бьорн 27:59,8 минутта мәре сызығын қиды.

Қола жүлдені тағы бір отандасымыз Александр Мухин еншіледі. Александр 28:13,7 минутта мәреге жетіп, қола медальды жеңіп алды.

Сонымен қатар отандастарымыз Кирилл Бауэр мен Вадим Куралес төртінші және бесінші болып мәреге жетті.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды