Қысқы Универсиада: Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық жұп 10-орын алды

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы Қысқы Универсиадада мәнерлеп сырғанауда жұптық сайыс өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұз үстінде билеуден жұптық сайыста еліміздің атынан Гаухар Наурызова мен Бойнсагур Датиев ел намысын қорғады. Олар 53.08 балл жинап, оныншы орынға тұрақтады.

Аталған сайыста бірінші орын АҚШ атынан сынға түскен Лоррен Макнамара мен Антон Спиридоновке бұйырды, олардың еншісінде 69.12 балл бар. Екінші орын 68.72 баллмен франциялық Мари Дюпайяж бен Тома Набе жұбына бұйырса, сол елден келген Наташа Лагуж және Арно Каффа 68.21 баллмен үздік үштікті түйіндеді.

Аталған сайыста барлығы 13 жұп сынға түсті.

Енді Гаухар Наурызова мен Бойнсагур Датиев 16 қаңтарда еркін бағдарлама бойынша сынға тсүеді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды