Қысқы Паралимпиада ойындарында Усольцев 15-орын алды

Қысқы Паралимпиада ойындарында биатлоннан ерлер арасында 12,5 шақырымға отырып жарысу сайысы өтті. Оған қазақстандық спортшы Сергей Усольцев қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. Жарыс қорытындысы бойынша Усольцев 15-орын алды. Ол бір рет нысананы дәл көздей алмады, жеңімпаздан 8:21.8 уақытқа қалып қойды. Қытайлық Лю Мэнтао жеңімпаз атанса, украиналық парабиатлоншы Тарас Рад - күміс, қытайлық Лю Цзысю қола жүлде алды.

Еске сала кетейік, Паралимпиада-2022 ойындарында Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар. Оны парабиатлонда Александр Герлиц жеңіп алды.

Бейжіңдегі Паралимпиада ойындары 13 наурызда аяқталады. Қазақстаннан жарысқа спорттың екі түрі - парашаңғы мен парабиатлоннан 13 атлет қатысып жатыр.