Қысқы универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті

Қысқы универсиада ойындарында еліміздің парашаңғышы Денис Зинов 10 км еркін жүрістен күміс медаль иеленсе, Роман Құрбанов қола медальға қол жеткізді.

gov.kz

Алматы, NEGE. «Бұл жетістік еліміздің параспортшыларының қажырлы еңбегін, спортшыларымыздың қайсарлығы мен мықты рухын тағы бір мәрте әлемге паш етті. Екі спортшымызды да жеңістерімен құттықтап, болашақтағы жарыстарда одан да жоғары жетістіктерге жетуіне тілектеспін! Барлық спортшыларымызға алдағы сындарда табыс, күш-қуат тілеймін!», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Әзірге Ұлттық құраманың қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола бар. 

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ