Қысқы универсиада: Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңді

2025 жылғы Қысқы универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы екінші ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізді. 

gov.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер сенімді ойын өрнегін көрсетті. Бірінші кезеңде қазақстандық Александр Панченко 9-минутта есеп ашса, одан кейін 10-минутта Николай Шульга басымдықты арттырды. Ойынның 18-минутында Руслан Демин мергендік танытты.

Екінші кезеңде Андрей Буяльский 35-минутта гол соқса, 38-минутта Кирилл Никитин көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Үшінші кезеңде кореялық хоккейшілер есеп айырмасын бір голға қысқартса, қазақстандық Семен Симонов 51, Денис Чапоров 57-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Енді қазақстандық хоккейшілер 15 қаңтарда Канада, 17 қаңтарда Чехиямен шеберлік байқасады.

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ