Кішкентай қызды зорламақ болған азамат 23 жылға сотталды

Қаражал қаласының 55 жастағы тұрғыны 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол кішкентай қызды ұрлап, зорламақ болды деп айыпталды.

Алматы, NEGE. «Баланы ұрлау және зорлау әрекеті қоғамда резонанс тудырды. Оқиға Қаражал қаласында болды. Айыпталушы 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс көрсеткіші 6,3 пайызға төмендегені байқалады. Ювеналды полиция қиын жасөспірімдермен және тұрмысы нашар отбасылармен жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр», – деді Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин халыққа онлайн есеп беру кездесуі кезінде.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды