Кіші Кеннеди өзін АҚШ президенттігіне ұсынуы мүмкін

Кіші Роберт Кеннеди тәуелсіз кандидат ретінде АҚШ президенттігіне өзін ұсынбақшы. Бұл жөнінде

Азаттық Радиосы Mediaite сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Алматы, NEGE. Сайттың мәліметінше, саясаткер бұл шешімін 9 қазанда Филадельфияда жариялайды. Жуырда оның командасы YouTube-те видеоролик жариялаған, Кеннеди онда америкалықтарды "маңызды хабарландыру үшін" Филадельфияға шақырған.

Сәуір айында Кеннеди демократтар атынан сайлауға қатысу үшін қазіргі президент Джо Байденмен кандидаттыққа таласатынын мәлімдеген. Алайда кейін "партия Байден кампаниясымен бірігіп кеткендіктен әділ күрес болмайды" деп ойлап райынан қайтқан. 

Америкалықтар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы Байден демократиялық партия атынан түсетін кандидат ретінде Кеннедиден едәуір озып тұрғанын көрсеткен, алайда демократтарға қарағанда республикашылдар Кеннедиге оң көзқараспен қарайтыны айтылған.

Осылайша кіші Роберт Кеннеди тәуелсіз кандидат ретінде – Байденнің де, республикалық партия ұсынуы мүмкін Дональд Трамптың да дауысын тартып алуы мүмкін дейді сарапшылар.

АҚШ-та президент сайлауы 2024 жылы күзде өтеді.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды