Қыркүйектен бастап мобильді аударымдар тексеріледі

Салық органдары жеке шотын бизнеске пайдаланғандарды бақылауға алады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Егер үш ай қатарынан 100-ден аса адамнан 1 млн теңгеден көп ақша түссе, назарға ілігеді.

Ал бір адамнан бір айда 100 рет ақша түсуі мүмкін. Бұл жағдайда тексеріс жүргізілмейді, себебі ол бір адамнан ғана түскен қаражат болып есептеледі.

Қайырымдылық пен той-томалақтағы ақшалай сыйлыққа салық салынбайды. Ережені бұзғандарға алдымен ескерту жасалады. Қайталанса, шамамен 157 мың теңге айыппұл салынып, кәсіпкер ретінде тіркелуге міндеттеледі.

Қазір оқып жатыр

Ресей жүк көліктеріне арналған міндетті QR-код енгізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды мерекесімен құттықтады

LRT екі аптада 1 млн жолаушыны тасымалдады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады