Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қыркүйекте жылдық мәндегі инфляция тамыздағы 9,8 пайызбен салыстырғанда, 9,3-ға дейін төмендеді. Ал айлық инфляция тамыз айындағы деңгейде сақталып, 0,6% болды.

magnific.com

Астана, NEGE. Өткен жылмен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 11,0%, ақылы қызметтер – 8,9%, азық-түлік тауарлары – 8,5% өскен.

Ал айлық көрсеткіште көкөністер мен азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлерінің бағасы сәл төмендеді. Атап айтқанда: пияздың бағасы 20,7%, лимон – 13,9%, сәбіз – 13,6%, картоп – 13,4%, баклажан – 11,2%, қырыққабат – 10,1%, тәтті бұрыш – 6,5%, алма – 5,3%, алмұрт – 2,4%, сарымсақ – 1,3%, банан – 0,7% төмендеді. Сондай-ақ балалар тағамына арналған ботқалардың бағасы 6,1% және құмшекердің бағасы 1,3%, төмендеді.

2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінің бағасының төмендеуі жалғасты. Атап айтқанда, алманың бағасы 11,1%, лимон – 8,3%, қызылша – 6,9%, қырыққабат – 6,1%, банан – 5,6%, тәтті бұрыш – 3,9% төмендеді.

Бір айда азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде  қол кремінің бағасы 6,9%, балалар жаялықтары – 6,6%, теледидар – 5,6%, ыдыс жуатын машиналар мен қысқа толқынды пештер – 1,8%, душқа арналған гель – 1,4% төмендеді.

Ал өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда автомобильдердің бағасы – 11,3%, электр жылытқыштар – 9,1%, кондиционерлер – 8,7%, электр еттартқыштар – 5,6%, балалар конструкторлары – 2,6%, медициналық маскалар – 1,7% төмендеді.