22 сентября 2022 г. 11:41
Қыркүйектің соңғы аптасына арналған ауа райы болжамы жарияланды
Еліміздің басым бөлігінде құрғақ және шуақты ауа райы сақталады, тек Республиканың батыс өңірлері мен оңтүстік-шығысындағы тау бөктеріндегі аудандарында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді.
Алматы, NEGE. Түнгі уақытта ауа температурасы әлі де салқын болғанымен, термометр бағандары күндізгі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша 20-34 градус жылы болады. Тек еліміздің батысында ғана ауа температурасы төмендеуі мүмкін.