Қырымда Ан-26 әскери ұшағы жартасқа соғылып, 29 адам қаза тапты

31 наурыз күні Қырымда Ресей Қорғаныс министрлігінің әскери-тасымалдаушы Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады.

freepik.com

Астана, NEGE. Бортта болған 6 экипаж мүшесі мен 23 жолаушының барлығы қаза тапты, деп жазады «РИА Новости» агенттігі.

Басылым дереккөзінің хабарлауынша, Ан-26 ұшағы жартасқа соғылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттың себебі – техникалық ақау. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Ресей Қорғаныс министрлігі ұшаққа сырттан зақым келмегенін мәлімдеді.

Айта кетейік, кеше Мәскеу уақытымен шамамен сағат 18:00-де әскери-тасымалдаушы Ан-26 ұшағымен байланыс үзілген.

Қазір оқып жатыр

«Дәмханаларда ит етінен тағам әзірленген»: Депутат ІІМ-ге жүгінетінін мәлімдеді

Алатауда аэротакси бағасы премиум таксимен шамалас болады

29 мамырда Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытының құрылысы басталады

Қазақстанда нотариустардың қызметін бақылау күшейтілмек