Кирилл Герасименко WTT Champions турнирінің 1/8 финалына шыға алмады

Монпельеде (Франция) үстел теннисінен халықаралық жұлдыздарды жинаған WTT Champions турнирі басталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Турнирде Қазақстан намысын Кирилл Герасименко қорғады.

Отандық команда көшбасшысы 1/8 финалға шығу үшін жастар арасындағы бірнеше жүркін чемпион Сян Пэнмен (Қытай) кездесті.

Кездесу қарсылас пайдасына 3:0 есебімен аяқталды.