Кирилл Герасименко үстел теннисінен Олимпиаданың ширек финалына шыға алмады

Үстел теннисінен Қазақстан командаасының үздігі Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасының ширек финалына өте алған жоқ, деп хабарлайды Olympic.kz.

Тұрар Қазанғапов

Алматы, NEGE. Олимпиаданың 1/8 айналымында Герасименко Египет өкілі Омар Ассармен кездесті.

Алғашқы екі сетте Герасименко 11:8, 11:6 есебімен қарсыласын оңай жеңді. Үшінші кезеңді египеттік теннисші өте қарқынды бастап, қара үзіп кеткен болатын.

Десе де, Герасименко есеп айырмасын қысқартты. Алайда, тап осы сетте жеңіс 12:10 есебімен қарсылас еншісінде кетті.

Содан соң, Омар Ассар тағы да белсенділік танытып, 12:10 және 11:9 есебімен жеңісті жұлып алды. Осылайша, 3:2 есебімен жалпы есете алға шықты.

Ал шешуші сетте Герасименко таразы басын теңестіре алған жоқ. Жеңіс 4:2 есебімен египеттік Ассардың еншісінде кетті.

Айта кетелік, бұған дейін Кирилл Герасименко германиялық Дан Цюді ұтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды