Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыста оқушы қыз қайтыс болды

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс салдарынан 15 жастағы оқушы қыз оқ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Достық ауылының 15 жастағы тұрғыны Эльзада Мәлікқызы снаряд жарақатынан қайтыс болған. Бойжеткен отбасымен бірге тәжік әскерилерінің атқылауынан қашып жүрген.

Жергілікті тұрғындар адамдарды эвакуациялап жатқан шағын автобусқа снаряд түскенін хабарлады.

Қарулы қақтығыс қырғыз-тәжік шекарасында 14 қыркүйекте басталған. Қырғыз тарапының хабарлауынша, атыс салдарынан екі шекарашы мен үш бейбіт тұрғын жараланған. Тәжікстан екі сарбазының қаза тапқанын және алты жараланғанын, сондай-ақ бейбіт тұрғындардың бесеуі жараланғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті