19 сентября 2022 г. 9:59

Қырғыз-тәжік қақтығысында 100-ге жуық адам қаза тапты

Фото:

Тәжікстан мен Қырғызстан екі ел шекарасындағы қақтығыстардың салдарынан барлығы 94 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жарақат алды деп мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Екі елдің үкіметтерінің жексенбілік мәлімдемесіне сүйенсек, қақтығыс құрбандарының жалпы саны 94-ке жетті. Қырғызстан билігі шекара маңындағы Баткен облысындағы қақтығыс нәтижесінде 59 адам қаза тауып, тағы 144 адам жарақат алғанын хабарлады.

Қырғызстанда 19 қыркүйек ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі тәжік тарапынан зардап шеккендердің санын бірінші рет атады. Ведомствоның Фейсбуктегі парақшасында 35 қаза тапқан және 25 жараланған тәжік азаматтары туралы хабарланған, олардың арасында әйелдер мен балалар бар.

Тегтер: