Қырғызстаннан Қазақстанға құтырған малдың еті әкелініп жатыр ма?

WhatsApp мессенджерінде Қазақстанға Қырғызстаннан құтыру ауруына шалдыққан малдың еті әкелінгені туралы аудиожазба тарады. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды StopFake.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Аудиожазбада ер адам Қырғызстаннан елімізге құтыру ауруына шалдыққан малдың еті әкелініп жатқанын айтқан.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі мұның жалған екенін мәлімдеді.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, өйткені Қырғызстаннан ет өнімдерін әкелуге шектеу енгізілген. Бұл шара осы республикадағы жануарлардың қауіпті аурулары бойынша қолайсыз жағдайға байланысты қабылданды", – делінген ведомство жауабында.

Министрлік етті контрабандалық жолмен әкелу фактісі расталған жағдайда, қазақ-қырғыз шекарасында бақылауды күшейту шаралары қабылданатынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде