Қырғызстанға кіру үшін ПТР-тест тапсыру міндеттелді

Үкімет бұл тыйымдар елдегі коронавирустың жаңа штаммын кіргізбеудің амалы екенін айтты.

Алматы, NEGE. Қырғыз Республикасы үкіметінің баспасөз қызметі 1 желтоқсаннан бастап азаматтардың вакцинация паспорты болғанына қарамастан, ПТР-тесттің теріс нәтижесімен ғана елге кіргізетінін жариялады. Бұл ереже тек шетелдіктер үшін ғана емес, Қырғызстан азаматтарына да міндеттелді.

Қырғыз денсаулық сақтау министрлігі «Омикрон» штаммының жұқтыру ошақтары тіркелген елдер тізімдерін ҰҚК шекара қызметіне жіберетін болады. Сөйтіп, Қырғызстан елдегі эпидемиологиялық ахуалды қадағалайтын болады.