Қырғызстандағы сел: тағы 2 отандасымыздың денесі табылды

Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделдетілген режимде құжаттар ресімделіп, қажетті жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, сел тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен тағы 2 қазақстандық баланың денесі табылды.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, еліміздің Сыртқы істер министрлігі сел тасқыны салдарынан жоғалып кеткен тағы 2 Қазақстан азаматының денесі табылғанын растап отыр.

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп келеді. Жақын арада Қазақстан Республикасы Төтенше жайдайлар министрлігінің ұшағымен қаза тапқан барлық 4 баланың денесі елге жеткізіледі.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды