Қырғызстанда үш жұқпалы аурулар ауруханасы салынып жатыр

Бішкек, Ош және Нарын қалаларында жұқпалы аурулар ауруханасы салынып жатыр. Үш ауруханада 270 науқас емделеді, деп хабарлады республикалық коронавируспен күрес жөніндеді штаб.

Алматы, NEGE. Бұған қоса, Шу, Баткен, Жалал-Абад, Ыстықкөл, Ош және Талас облыстарында тоғыз медициналық мекемеде күрделі жөндеу жасалады.

Қырғызстанда коронавирус эпидемиясы өршіген сәтте ауруханаларда орын болмады. Сол себепті Бішкек пен басқа да қалаларда күндізгі және түнгі стационарлар ашылып, науқастар алғашқы көмек алды. Спорт залдар, мейрамханалар және қонақ үйлер стационарға айналды.

Қазір оқып жатыр

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады