31 августа 2023 г. 4:38

Қырғызстанда тик-ток бұғатталады

Фото:

Қырғызстанның Мәдениет министрлігі TikTok желісін бұғаттау туралы шешім қабылдады.

Алматы, NEGE. Осыған байланысты министрлік аталған әлеуметтік желінің контентіне мониторинг жүргізіп, платформа тарапынан балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратқа қол жеткізуді шектеу, жас санатын бақылау функциялары жоқ екенін анықтаған.

TikTok әлеуметтік желісінің зиянды әсері туралы бірқатар үкіметтік емес ұйымдар тарапынан алаңдаушылық білдіретін хабарламалар жиіледі. Бұл әлеуметтік желі қолданушыны қысқа клиптердің виртуалды әлеміне жетелеп, оларды көрген жасөспірімдер кейбір видеоларды қайталауға тырысатыны, ал ондағы әрекеттердің кейбірі адам өміріне қауіп төндіретіні атап өтілген. Сонымен қатар балалардың психикасы әлі де тұрақсыз, ол енді ғана қалыптасып жатқандықтан, мұндай контент тәуелділік тудырып, жас ұрпақтың эмоционалдық жағдайына кері әсер етеді.

Осыған байланысты мәдениет министрлігі контентке мониторинг жүргізіп, платформа балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратқа қол жеткізуді шектеу, сондай-ақ TikTok қосымшасындағы ақпаратқа қол жеткізу кезінде жас санатын бақылау функциясын жоқ екенін анықтады.

Тегтер: