Қырғызстанда мыңнан аса адам коронавирустан көз жұмды

Қырғызстанда COVID-19 коронавирус инфекциясынан ауруханадан тыс пневмонияны есепке алғанда тәлігіне 28 адам көз жұмған. Бұл туралы Қырғызстанның COVID-19-бен күрес жөніндегі республикалық штабы мәлім етті.

Алматы, NEGE. Көз жұмғандардың 8-і Бішкектен, 2-і Оштан, 4-і Чуй облысынан, 2-і Ош облысынан, 1 Нарын облысынан, 4-і Ыстықкөл облысынан, 5-і Жалал-Абад облысынан, 2-і Баткен облысынан. «Эпидемия кезеңі басталғалы барлығы1 277 адам қайтыс болды», - делінген штаб хабарламасында. Пандемия басталғалы елде 32 813 COVID-19 жұқтыру жағдайлары тіркелген. Індетке шалдыққан 20 388 адам сауығып шықты.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді