Қырғызстанда карантин күшейтіледі
Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте 87 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталғанын хабарлады. Министрдің орынбасары Нурболот Усенбаев шектеу талаптары күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Министрлік өкілі вирус жұқтырғандар санының артуын эпидемия жағдайының ушығып бара жатқанымен байланыстырды. "Үлкен топтардағы адамдар ауру жұқтырған. Жағдай одан сайын ушықса, шектеу талаптары күшейтілуі мүмкін", - деді Усенбаев.
Қырғызстанда 2372 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. 1813 адам ауруханадан шыққан, 27 адам қайтыс болған. Қырғызстан 25 наурызда үш ірі қала мен үш ауданда төтенше жағдай жариялады. 11 мамырда төтенше жағдай аяқталғаны хабарланды.