Қырғызстанда қар жауды
Қырғызстанның Нарын облысындағы Торугартта қар жауды, деп жазды Kaktus.media сайты.
Алматы, NEGE. Нарын облысындағы қырғыз-қытай шекарасындағы "Торугарт" бақылау-өткізу пунктінде жауған қардың видеосын жүк көліктерінің жүргізушілері желіге жариялады.
Ал Қырғызгидромет 27 тамызда күндіз және 28-29 тамызда Қырғызстанда ауа райының күрт өзгеретінін хабарлады. Сондай-ақ, елдің биік таулы аймақтарында да қар жауады.