Қырғызстанда Абай шығармашылығына арналған онлайн конференция өтті
Бішкек қаласында танымал аудармашы Айдарбек Сарманбетовтың «Абай Құнанбайұлы. Қара сөздері мен поэмалары» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Алматы, NEGE. Жинаққа данышпан ақынның ең белгілі туындылары кірген. Интернет-конференцияға қатысушылар ұлы Абайдың ғалам мәдениетіндегі ерекше орнын атап өтті. Абай Кұнанбайұлының шығармашылығын қадірлейтін халыққа мыңдаған шақырым қашықтық да бөгет емес. Интернеттің көмегімен бас қосып, данышпан ақынымыздың рухани мұрасын талқылауға мүмкіндік бар. Кемеңгер философтың шығармашылығына арналған онлайн конференция екі сағатқа созылды.
Қырғызстан Ұлттық кітапханасының қорында Абай Құнанбайұлының туындылары кірген 64 кітап бар. Бұл – Қазақстан аумағынан тыс жердегі ақын туындыларының ең ірі жинағы. Оқырмандарды Абай шығармашылығымен жақын таныстыру мақсатында ақынның 175 жылдығына арналған көрме ашылды.