Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің экс-төрағасы Қамчыбек Ташиевке, бұрынғы депутат Курманкул Зулушевке және Жогорку Кенештің экс-спикері Нұрланбек Тұрғынбек уулу (Нұрланбек Шакиев) ресми түрде айып тағылды. Бұл туралы 24.kg басылымына адвокат Шердор Абдыкапаpов хабарлаған.

kabar.kg

Астана, NEGE. Басылымның құқық қорғау органдарындағы дереккөздерінің мәліметінше, күдіктілерден ІІМ-нің Бас тергеу басқармасында бірнеше сағат бойы жауап алынған.

Алдын ала мәлімет бойынша, іс жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттену баптары бойынша қозғалған.

Айыптың нақты мазмұны мен тергеу барысы ресми түрде жарияланған жоқ. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің айтуынша, тергеу «75-тің хаты» деп аталатын құжатпен байланысты.

Биыл ақпан айында 75 адамның ел президенті Садыр Жапаровқа және Жогорку Кенеш төрағасына мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы үндеу жолдағаны белгілі болған. Осыдан кейін Қамчыбек Ташиев ҰҚМК төрағасы және Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары қызметтерінен босатылған еді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады