Қырғызстанда тағы да жойқын сел жүрді (видео)
23 шілде 18:30 шамасында Қырғызстанның Жалалабад облысы Арыстанбап ауылында жаңбырдан кейін жойқын сел жүрді.
Алматы, NEGE. Лай көшкіні ішкі жолды шайып, түрлі техника, көліктер мен ғимараттарға зақым келтірген.
Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су тасқыны салдарынан бір аурухана, сауда үйі, бес көпір зақымданып, 23 автокөлікті су шайып кеткен.