Қырғызстанда сел жүріп, бірнеше адам қаза тапты

Қырғызстанның Ноокат ауданында жойқын сел болып, бес адам қаза тапты.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Алдын ала ақпарат бойынша, Ноокатта селдің салдарынан бес адам қаза тапты. Ақпаратты ТЖМ дағдарыс жағдайларын басқару орталығы басшысының орынбасары Байзақ Отарбеков растаған.

Жергілікті тұрғындарға сілтеме жасай отырып, ол Абшыр-Ата елді мекенінде, өзен жағасында алты адам демалғанын хабарлады. Барлығын ағынмен алып кеткен. ІІМ қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар бес адамның денесін тапты.

Тұрғын үйлер мен автожолдарды су шайып, 2 көпір бүлінген.

Облыста төтенше жағдай жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін