Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

30 жастағы қырғызстандық спортшы Медет Жээналиев Ыстықкөлге батып бара жатқан оқушы қыздарды құтқарамын деп қаза тапты.

MMA Kyrgyzstan

Астана, NEGE. Қырғыз басылымдарының полицияға сілтеме жасап хабарлауынша, 12 мамыр күні Ыстықкөл аудандық ішкі істер бөліміне 1995 жылы туған Медет Жээналиевтің хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат түскен. Ол Бақты-Долоноту ауылындағы демалыс орындарының біріне тоқтаған.

«Ақпаратты тексеру барысында сол күні жағажайда шомылып жүрген төрт қыздың бірі суға бата бастағанда, М.Ж. мен оның досы қызды құтқару үшін көлге секіргені анықталды», – делінген хабарламада.

Қызды аман алып қалғанымен, Жээналиевтің өзі суға батып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігінің сүңгуірлері оның мәйітін келесі күні таңертең тапқан.

MMA шебері Жээналиев 2017-2019 жылдар аралығында төрт жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді