Қырғызстанда министр қоғамдық орында шылым шеккені үшін жазаланды

Қырғызстанның ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековті қол астындағы қызметкерлері жауапқа тартты. Kaktus.media ақпарынша, ол қоғамдық орында темекі шеккені үшін айыппұл арқалаған.

azh.kz

Астана, NEGE. Жергілікті басылымның хабарлауынша, бұған дейін әлеуметтік желілерде Ниязбековтың қоғамдық орында темекі шегіп тұрған сәті түсірілген видео тараған. Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударған.

Көптің сынына іліккен министрге бүгін аталған дерек бойынша, лауазымына қарамастан, әкімшілік хаттама толтырылды. Нәтижесінде ІІМ басшысына 3 мың сом көлемінде айыппұл салынды.

Қырғызстан ІІМ бұл фактіні растады. Ведомство мәліметінше, министрге қатысты заң талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік тағайындалған. 

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді