Қырғызстанда қайтыс болған адамды кремациялауға рұқсат берілді

Қырғызстанда қайтыс болған адамды кремациялауға рұқсат берілді. Бұл туралы қырғыз депутаты Марлен Маматалиев хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, кремация туралы тармақ жуырда қабылданған «Жерлеу және жерлеу шаралары туралы» заңда бар.

«Бізде адам қайтыс болғаннан кейін кремациялау керек деген пікірді қолдайтын адамдар бар. Жаңа заң крематорийлер салуды қарастырады», - деді ол. 

Крематорийлер тек қалаларда ғана салынады. Ал оның қай жерде және саны қанша болатынын Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия шешеді.

Депутаттың айтуынша, кремациялау оңай болмайды. Оны тиісті органдар қатаң түрде жүргізеді. Сонымен қатар туыстары мәйіттің растау құжаттарын көрсетуі керек.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті